Монго (монго-нкундо) — Конго Демократиялық Республикасыдағы көптеген тайпалық топтардан құралған халық. Монгоның көпшілігі Конго өзені бойындағы тропиктік қалың ормандар арасында, бір бөлігі қалаларда тұрады.Қазақ Совет Энциклопедиясы,8 том Халық саны 2,5 миллионнан 5 миллионға дейін. (2010, бағалау).Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2226376

Тілі Монго тілі - банту тілдерінің орталық тобына жатады. Жазуы латын әліпбиіне негізделген.Значение слова МОНГО в Большой советской энциклопедии, БСЭ https://slovar.cc/enc/bse/2019185.html

Діні Монгоның едәуір бөлігі христиандар (католиктер). Тропиктік ормандардың түкпірлерінде тұратын монгода алғашқы қауымдық құрылыстардың элементтері мен ата-баба аруағына, тәңірлерге т.б. табыну салты сақталған.Современная энциклопедия - монго http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/mongo

Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсібі - кетпенмен жер өңдеу, қолмен атқарылатын егіншілік (ямс, маниок). Ішінара аңшылық, балық аулау, терушілікпен айналысады. Монгоның бір бөлігі май пальмалары мен кофе плантацияларында, сондай-ақ қалалардағы ауыл шаруашылық шикізатын өңдейтін кәсіпорындарда жұмыс істейді. Олар өзен бойында делдалдық саудамен айналысты (құлдар, піл сүйегі, ангула ағашының ұнтағы – гигиеналық және косметикалық өнім).Народы и культуры Монго https://travel-journal.ru/ethno/40/1032/

Өмір салты Ішкі аймақтарда рулық жүйенің элементтері сақталған. Дәстүрлі қоғамдық ұйым – көсемдік. Этука деп аталатын, ата-бабадан тарайтын жиырмадан қырыққа дейінгі мүшеден тұратын бірлескен отбасылық шаруашылыққа негізделген.

Дәстүрлі елді мекендері сақина тәрізді қоныстар, тұрғын үйлері - конустық төбесі бар дөңгелек пішінді үйшіктер.

Дәстүрлі киімі - жамбасты жауып тұратын мата.

Негізгі тағамы - тұздық қосылған ботқа, отқа қуырылған ет.

Халық ауыз әдебиеті бай - жануарлар туралы ертегілер, мақал-мәтелдер, Иньянья батыр баба туралы эпос, т.б.народы мира / Монго http://www.etnolog.ru/people.php?id=MONG

Дереккөздер

Санат:Конго Демократиялық Республикасы халықтары