Мовсес Хоренатси (Մովսէս Խորենացի) — армян тарихшысы (5 ғасыр және 6 ғасырдың басы)Всемирная историяИстория Византии. Том 1Мовсес Хоренаци — статья из Большой советской энциклопедии);«армян тарихының атасы» атанған. Мовсес Хоренатси— армян алфавитін жасаған Саак пен М. Маштоктың шәкірті. Өзінің «Армян тарихын» («Патмутюн хайоц») ол армяндардың аңыздағы арғы атасы Хайкадан бастап 428 жылға дейін әкеледі. Деректемелері — грек, Сирияның тарихи шығармалары, халық аңызы, фольклор. Әсіресе 4 ғасырдың аяғы — 5 ғасырдың басына жататын тарихи шындықты бейнелеген. Мовсес Хоренацидің еңбегі — Армения және онымен көршілерінің (Иран, Әзербайжан т. б.) тарихын, ауыз әдебиетін, этнографиясын зерттеуде құнды шығарма жазды.Қазақ Совет Энциклопедиясы,8 том
Дереккөздер
Санат:Армения тұлғалары Санат:Армения тарихшылары Санат:Тарихшылар
Санат:490 жылы қайтыс болғандар