Қызылқақ – Ертіс алабындағы тұзды көл.

Географиялық орны Семей тауларының батысында, Абай облысы Жаңасемей ауданы аумағында. Үшаша ауылының оңтүстік-шығысында 34 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 215 м биіктікте жатыр. Солтүстігінде Сазқұдық, Тереңқұдық, солтүстік-шығысында Қарабастұз, шығысында Шұға көлдері, солтүстік-батысында Тектұрмас шоқысы, оңтүстігінде Кемпір таулары бар.

Аумағы Аумағы 3,1 км2, ұзындығы 2,5 км, ені 1 км, жағалау бойының ұзындығы 7,8 км, су жиналатын алабы 184 км2. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Жазда көлдің көлемі 2 есеге дейін кішірейіп, тартылады. Қуаңшылық жылдары алабы түгелдей тартылып сор батпаққа айналады. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жаңасемей ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы