Проекторлық қорғағыш (орыс. Протекторная защита). Потенциалы аз анодтық жердегі кабель қабығын тотығудан қорғау үшін оған изоляцияланған сым арқылы жерге қарағанда потенциалы теріс таңбалы болатын электрод қосады. Тотығудан қорғаудың мұндай әдісін «протекторлық қорғау» деп атайды. Протекторлық қорғаудың мәнісі анодтық жерде жатқан кабельге изоляцияланған сым арқылы төмен төмен потенциалды электрод қосу. Сонда электрод анодтың рөлін атқарып, ол арқылы ток жерге кетеді де, кабель қабығы катод міндетін атқарып тотығудан қорғалады. Протекторлық электродтан ток жерге кеткенде, ток шығыны болып, ол бірте-бірте азаяды. 10 килограмдық электрод шамамен 10 жылға жарайды, содан кейіе оны ауыстыру керек. Егер жердегі кабель біреу емес бірнешеу болғанда, олардың әрқайсысына жеке-жеке электрод керек. Радиотехника, компьютер және байланыс сөздігі, Алматы 2007
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Проекторлық қорғағыш · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.