Инжекциялық лазер (орыс. Инжекционный лазер) - шалаөткізгіш лазер. Мұнда когеренттік сәулеленудің қозуы электронды-кеміктік өткел (p-n өткелі) арқылы заряд тасымалдаушыларының инжекциясы нәтижесінде іске асырылады. Инжекциялық лазер электр энергиясын лазерлік сәуленуге тікелей түрлендірумен ерекшеленеді, жұмыстық кванттық ауысулар ШӨ-тің өткізгіштік аймағы мен валенттік аймағының электрондары және кемтіктері үшін рұқсат етілген энергетикалық деңгейлер арасында жүреді. Инжекциялық лазерді, көбінеGaAs негізіндегі p-n өткелдері барп құрылымдарын жасайды. Қазіргі кезде GaAs пен ZnP төсеніштерінде өсірілген лазерлік гетероқұрылымдар кеңінен тараған. Инжекциялық лазерді импкльстік (ИЛИ) және үздіксіз (ИЛҮ) әрекеттегі деп ажыратады. ИЛИ-лар телебасқару, бағыттау, жарықтандыру жүйелерінде қолданылады. ИЛҮ-лер талшықты-оптикалы байланыс жүйелерінде, ақпаратты жазу мен санудың оптикалық құрылғыларында, қатты денелі лазерлерді толықтыру жүйелерінде кең қолданылады. Радиотехника, компьютер және байланыс сөздігі, Алматы 2007
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Инжекциялық лазер · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.