Қарамұрын – Қаратау жотасының батыс бөлігіндегі тау массиві.

Географиялық орны Қызылорда облысы Шиелі ауданы Еңбекші ауылының солтүстігінде, 9 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 498 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 18 км-ге созылып жатыр, енді жері 13 км шамасында.

Жер бедері Солтүстік беткейі тіктеу, оңтүстікке қарай көлбеуленіп жазыққа ұласады. Оңтүстік және солтүстік бөліктерінде таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Батысынан Бестам каналы өтеді. Қарамұрында өзімен аттас уран кен орны бар.

Өсімдігі Қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, боз, көде, жусан, бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Шиелі ауданы таулары