Горгий (, , бдд. 483-бдд. 375 жж. ш.) - Леонтиндік ежелгі грекиялық софис, құл иеленушілік демократияны жақтаушы. Протагордың Релятивизмін рационалды Агностицизммен толықтырды. Оны кейде нигилист дейтіндер де бар. Оның шығармалары бізге Платон және басқа авторлардың баяндауында жетті.

"Жалғандық туралы, акиқат табиғат туралы" деген шығармасында Горгий элеаттарға сүйене отырып, үш ережені ұсынады, олар: бірінші, ештеңе де өмір сүрмейді; екінші, тіпті бірдеңе өмір сүрген күнде де оны тану мүмкін емес болар еді; тіпті бірдеңені танылған күнінің өзінде де оны айтып жеткізу мүмкін емес. Дереккөздер "Қазақ энциклопедиясы" - Философиялық сөздік

Санат:Грекия философтары Санат:Философия тарихы Санат:Философия Санат:Ежелгі Грекия философиясы