Домбыралы – Көкшетау қыратындағы аласа тау.
Географиялық орны Ақмола облысы Ақкөл ауданында, Ақкөл қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 14,5 км жерде. Абсолюттік биіктігі 471 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 17 км-ге, енді жері 8 км-ге созылып жатыр.
Жер бедері Таудың пішіні дөңестеу келген, батыс беткейінің түпкі жыныстары жалаңаштанған, оңтүстік-батыс беткейі тік, солтүстік және шығыс бөліктері жайпақ келген.
Өсімдігі Қара сортаңды топырағында жұлдызшөп, боз, селеу, қозықұлақ, қылқұрт, бұталар өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақкөл ауданы таулары