Сергей Андреевич Козин (19.10.1879, Краснояр өлкесі, Туапсе, - 16.10.1956, Ленинград) - Монғолияны зерттеуші, КСРО Ғылымдар академиясының академигі (1943). 1903 жылы Петербург университетін бітірді. 1914 - 18 жылы Автономиялы Монғолия үкіметінің финанс мәселелері жөнінде кеңесші болды. 20 жылдарда Ленинградтағы Шғыс институтын ашуға ат салысып, сол институтта 1929 жылдан бастап монғол тілінен лекция оқыды. Козин - монғол халықтарының тарихы, қоғамдық - саяси құрылысы, мәдениеті мен тілі туралы бірқатар еңбектердің авторы:"Асыл аңыз, 1240 жылғы Монғол шежіресі " (1941), монғол эпосы "Гесериаданың" (1935), қалмақ эпосы "Джангариаданың "(1940) аудармалары (және түсініктемелері), "Монғол халықтарының эпосы" (1948). Қолданылған әдебиет К вопросу о дешифрований дипломатических документов монгольских ильханов, "Изв. АН СССР.Отд.общественных наук", 1935, №7 Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 489 бет
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Сергей Андреевич Козин · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.