Найл Джеймс Хо́ран (ағылшын. Niall James Horan; 13 қыркүйек, 1993 жыл, Маллингар, Уэстмит, Ирландия) — британдық әнші, «One Direction» тобының мүшесі. 2010 жылы «The X Factor» жобасына қатысты.

Отбасы Найлдың анасы – Мура Галлахер. Әкесі – Бобби Хоран. Оның үлкен ағасы бар. Аты – Грег Хоран. Найлдың ата-анасы 1998 жылы ажырасты. 4 жыл бойы ағайындылар анасымен бірге тұрды. Сосын әкесімен бірге тұруды жөн көрді. Анасы екінші рет тұрмысқа шығып, Лонгфорд қаласына көшті.

Мектеп кездері Найл «Coláiste Mhuire» мектебінде білім алды. Сол кездері Найл хорға қатысып жүрген. Найл жастайынан гитарада ойнайды. Өзінің бір сұхбатында, «Менің ұнататын сыйлығым – гитара» деген.

The X Factor жобасы «The X Factor» жобасында тыңдаушыларға Найл: «Мен 16 жастамын және де мен үлкен атқа ие болғым келеді. Бейонсе, Жастин Бибер сияқты танымал болғым келеді.», - деген. Хоран «The Script», «Eagles» және «Bon Jovi» деген рок-топтардың жанкүйері. Бұдан басқа Найл Эд Ширанның өлеңдерін сүйіп тыңдайды. Эд Ширан мен One Direction бірге жұмыс істегенде, Найл Хоран Эд Ширанға «Мен сізбен жұмыс істеу үлкен абырой.» деп айтқан. ЖылҚазақша атауыШынайы атауыРөлі2009Алан КаррAlan Carr: Chatty Manөзін ойнайды2010Х-факторThe X Factorөзін ойнайды2012Биг Тайм турBig Time Tourөзін ойнайды2012АйКарлиiCarlyөзін ойнайды2013One Direction:Бұл бізOne Direction: This Is Usөзін ойнайды

Санат:1993 жылы туғандар Санат:Әншілер