thumb|250px|Имам Резыдің мешіті. Машһад () ( — машха́д) — Иранның солтүстік-шығысындағы қала. Хорасан-Резави останының бас қаласы және ірі сауда, әкімшілік орталығы. Кешефруд өзенінің аңғарына орналасқан. Мұсылмандардың қажылыққа (имам Резаның мазарына) баратын орталығы («Екінші Мекке»).
Өнеркәсіп Металл өңдеу, тоқыма, былғары-аяқ киім, тамақ, құрылыс материалдары кәсіпорындары, университет бар. Майдагерлік кәсіпшілік (кілем тоқу, ыдыс жасау т. б.) дамыған. Тарихы 9 ғасырда Мешһед қаласының орнында Санабад қыстағы болды. Қыстақ Мешһед деген атпен алғашқы рет 10 ғасырдың аяғында араб географтарының деректерінде кездеседі. 11—12 ғасырда Мешһедті Ғазнауи әулеті мен салжщтар кезек биледі. 13 ғасырдың аяқ шенінде монғолдар Мешһедті қиратты. 14 ғасырдың аяғынан бастап Мешһед — Хорасанның бас қаласы. 15—17 ғасыр қарсаңында, Мешһедті алдымен Темір әулеті, онан кейін Сефеви әулеті иемденген кезеңдерде Мешһед гүлденіп өсті. 1736—47 жылы Мешһед— Нәдір шаһ мемлекетінің астанасы. 1795 жылы бүкіл Хорасанмен бірге Мешһедті Каджарлар бағындырды. Мешһедте һарун ар-Рашидтің зираты, Гауһашад (15 ғасыр), имам Реза (17 ғасырдың басы) мешіттері, Мешхедтің маңында ұлы ақын Фирдаусидің мазары бар.Қазақ Совет Энциклопедиясы,8 том Дереккөздер
Санат:Иран қалалары Санат:Жібек жолының бойындағы қалалар