Қашқантеңіз – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы тұйық көл. Балқаш көлінің батыс жағында, Қашқантеңіз шығанағымен ертеде қосылып жатқан.

Гидрографикасы Ауданы 18,5 км2 (жауын-шашынға байланысты өзгеріп отырады). Ұзындығы 22,5 км, ені 4,3 км. Тереңдігі 1,4 м. Солтүстік-шығыстан соққан күшті желдің әсерінен тасқын айдаған Балқаш суы кейде Қашқантеңіз көліне құяды. Суы тұзды, жағалауы сортаң батпақты.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Мойынқұм ауданы көлдері