Сабах () — Малайзияның шығысында орналасқан штат. Ол мемлекеттің екінші ең үлкен штаты болып келеді. Сабахты жиі «Negeri di bawah bayu» немесе «Желдер астындағы ел» деп атайды. Британ колониясы болғанда Британ Солтүстік Борнеосы деп аталатын. 1963 жылдан бастап Малайзия федерациясының штаты.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том
Географиясы Штаттың толық ауданы - шамамен 73,904 км². Оның 1,743 км жағалауы бар және оның шамамен 295.5 км-і жағалық эрозияға ұшырап жатыр.
Сабахтың солтүстігінде елдiң ең биік нүктесі – Кинабалу шыңы (4095 м) орналасқан.
Солтүстік-батысын Оңтүстік Қытай теңізі және солтүстік-шығысын мен оңтүстік – шығысын Сулу мен Сулавеси теңізі шаяды. Олардың жағалауында көптеген майда аралдар мен Маржан жарлауыттар орналасқандықтан кемемен жүк тасуды қиындатады. Үш теңізбен шайылғандығынан штат жерінде көптеген теңіз ресурстары бар.
Штаттың басты аралдарының ішінен Себатикті атайды, оны ел Индонезиямен бірге белiп жатыр. Бұдан басқасының қатарында Банги, Джамбонган, Малавали, Тимбун-Мата мен Бум-Бумды айтып кетуге болады.
Сабахтың ең ұзын және суы ең мол өзен - Кинабатанган (560 км).
Сабах климаты ылғалды, әрқашан ыстық және экваторлық болып келеді. Тауларда климаты оған қарағанда коңыржайлау, және үлкен биіктіктерде ылғалды болады. Жылдық жауын-шашыны 3750 мм-ден (жазықтықта) 5000 мм-ге (тауларда) дейiн өзгеріп тұрады.
Тарихы 1881 жылы Сабах британ протектораты болып кетеді, ол Британ Солтүстiк Борнео Компаниясымен басқарылатын. 1946 жылы британ корона колониясы Британ Солтүстік Борнеосы кұрылады, және 1963 жылы Сабах Малай Федерациясының құрамына кіреді.
Әкімшілік бөлінісі Сабах 5 облыстан (аудннан) тұрады. № Облысы Орталығы Ауданы,км² Халқы,адам. (2006)«Monthly Statistical Bulletin, January 2007: Sabah», Department of Statistics Malaysia, Sabah. 1 Батыс Жағалау облысы Кота-Кинабалу 7588 954 000 2 Ішкі облысы Бофорт 18 298 421 000 3 Кудат облысы Кудат 4623 190 000 4 Сандакан облысы Сандакан 28 205 676 000 5 Тавау облысы Тавау 14 905 757 000
Дереккөздер
Санат:Малайзия штаттары