Вохид Абдуллаев (1912 ж., Самарқан – 1985 ж.) – өзбек совет жазушысы, ғалым, Өзбекстан КСР ғылым академиясының академигі.
Ферғана педагогикалық институтын бітірген. 1944 жылдан бастап Самарқан мемлекеттік университетінде лекция оқиды, 1963 жылдан 1970 жылға дейін осы университеттің ректоры. «Науаи Самарқанда» деген зерттеуі үшін филология ғылымының кандидаты (1951), (17 –18 ғасырлардағы Хорезмдегі өзбек әдебиеті» (1959) атты еңбек үшін филология ғылымының докторы дәрежесін алды. Абдуллаев Өзбекістан КСР Жоғарғы Советінің (6 – 7 шақырылуы) депутаты.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Қайтыс болғанға дейін (1985 ж.) А.Навои атындағы Самарқан мемлекеттік университетінде өзбек әдебиеті кафедрасын меңгерді.
Дереккөздер
Санат:1912 жылы туғандар Санат:1985 жылы қайтыс болғандар
Санат:Өзбекстан тұлғалары Санат:Өзбекстан ғалымдары