Құмбауыроба – Аққұмсағыз құмының солтүстік-шығысындағы тау.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық кентінің оңтүстігінде 25 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 292 м, салстарымалы биіктігі 42 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 9 км-ге созылған, енді жері 4 км. Беткейі көлбеуленіп, жонды белеске ұласады. Шығысында Қарағандысай сайы, оңтүстігінде Төрткіл тауы, батысында Ақтоғай қыстауы жатыр.
Өсімдігі Сортаң, бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында көкпек, бұйырғын, жусан, боз, селеу, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Темір ауданы таулары