Родоп таулары, Родоп (, – «қызылдар»)— Балкан түбегінің шығысындағы тау. Болгария мен Грекия жерінде. Ұзындығы 240 км, биіктігі 2191 м (Голям-Перелик тауы). Негізінен кристалдық және жанартаулық жыныстардан түзілген. Беткейлері жайпақ, шыңдары тегіс және жұмырланған. Жылдық жауын-шашын мөлшері 650—1000 м.ч. Беткейлерінде қылқан және жалпақ жапырақты (маквис, емен) орман өседі. Хромит, қорғасын және мырыш кен орындары бар. Ағаш даярлау, мал шаруашылығы дамыған.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том Дереккөздер