Доминик Айоделе Соланке-Митчелл (; 14 қыркүйек 1997 жыл, Рединг, Англия) — ағылшын футболшысы, «Тоттенхэм Хотспур» клубының және Англия құрамасының шабулшысы. 2015 жылдың 9 қаңтарда Доминик «Жылдың ең жас ойыншысы» атағын иемденген болатын.

Мансабы

Клубтық Доминик сегіз жасына дейін«Челси» клубына қосылып, клубтын бүкіл жүйесінен өтіп шыққан спортшы. 2013/14 маусымында 18 жасқа дейінгі команда сапында ойын көрсете отырып, 25 кездесуде 20 доп соққан еді. 2014/15 маусымында да Жозе Моуриньо жас таланттың ойының жоғары бағалап, бірінші команданың ойындарына араластыра бастады. 2014 жылдың 21 қазан күні "Челси" клубының атынан ең алғаш ойының көрсетті.

2015 жылы "Витесске" жалға берілді.

2017 жылы "Ливерпульге" ауысты.

2019 жылы қаңтарда "Борнмут" футболшысы атанды.

Жетістіктері

Командалық: «Челси»

Жастар кубогы (2): 2014, 2015 УЕФА жастар лигасы: 2015

«Ливерпуль»

Чемпиондар лигасының финалисі: 2017/18

Англия

17 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы: 2014 20 жасқа дейінгі әлем чемпионы: 2017

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:1997 жылы туғандар Санат:Англия футболшылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Борнмут ФК ойыншылары Санат:Витесс ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Тоттенхэм Хотспур ФК ойыншылары