Очередько Николай Григорьевич 1929 жылы Украин КСР інің Винницк облысындағы Писарев ауданының Сокиренцы селосында туған. Еңбек жолын 1941 жылы бастады, бұдан кейін ФЗО-да оқып, тракторшы мамандығын алып шықты. 1955 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы Тимирязев ауданының Богдан Хмельницкий атындағы кеңшарда тракторшы болып істеген. 1967 жылы 19 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Николай Григорьевич Очередькоға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Дереккөздер Айбын Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Санат:1929 жылы туғандар Санат:Солтүстік Қазақстан облысы Санат:Социалистік еңбек ерлері