Тағамның жасалынуына керек заттар 2 стақан ұн; 150 гр маргарин; 0,5 шәй қасық ас содасы; 2-3 салым тұз; 3 ас қасық қаймақ; 2 балқытылған ірімшік; 3-4 орташа пияз; 3 жұмыртқа. Қамыр дайындау тәсілі Шұңғыл табаққа ұн, 3 ас қасық қаймақ, ерітілген маргарин,тұз, жұмыртқаның ақ бөлігін және сірке қосылған ас содасымен бірге бәрін салып, жақсылап араластырмыз. Қатты қамыр болғанша илейміз. 1 сағат тоңазытқышқа салып қоямыз. Қамырдың иі қанғанша салындыны әзірлеу тәсілі Қамырдың иі қанғанша салындыны әзірлеу тәсілі: Пиязды аршып,майдалап тураймыз; Ащы дәмі кеткенге дейін қайнаған суға салып қоямыз;Пиязды орташа градустағы отқа қуырамыз;Дайын болған пиязды суытып, қалған жұмыртқаны қосып, араластырамыз.Бетіне пайдалану үшін бір жұмыртқаның сарысын алып қоямыз; Балқытылған ірімшікті үккіштен шығарып, жұмыртқа қосылған пиязға араластырамыз. Дәміне қарай аздап тұз, бұрыш қосамыз; Тоңазытқышқа қамырды алып, бірдей көлеммен екіге бөлеміз;Қамырдың бір бөлігін алып сәл үлкейтіп жайып, бетіне май жағамыз. Оған әзірлеген салындыны саламыз.Екінші бөлік қамырмен бетін жауып,шет жағын басып шығамыз.Бәліштің бетіне қалған жұмыртқаның сарысын жағамызда 180-200 градустық пешке 30-35 минут қоямыз. Ірімшік бәліші дайын. Рецепты на ура

Дереккөздер

Санат:Тағамдар