Мұстафин Төлебай — еңбекші, тракторист,

1929 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов (қазіргі Жамбыл) ауданының Кенже ауылында туды. Трактористер курсын бітіргеннен кейін 1950 жылы Преснов МТС­-інде тракторшы болып істейді. 1957 жылдан «Благовещенка» кеңшарында тракторшы.

1967 жылы 19 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Төлебай Мұстафинге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.Айбын Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:1929 жылы туғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері