Қырықбай Сатқынбайұлы (1893 жыл Қордай ауданы Сұлутөр тауының теріскей бөктері - 1979, Кенен ауылы) - күйші.
Әкесі Сатқынбай Әлмесұлы халық арасына кеңінен белгілі, атақты күйші болған. Қырықбай балалардың кенжесі болғандықтан еркелеп өсіп, әуелде домбыраға әуес бола қоймапты. Ал бірге туған екі әпкесі Айша мен Қадишаға әке өнері дарыған екен. Олардың әсерімен Қырықбай да бірте-бірте домбыраға мойын бұрады. Ақыры Байсеркенің, Бердібектің, Саршаның, өз әкесі Сатқынбайдың күйерін түгел үйренді.
1935 жылы аудан орталығындағы мал дәрігерлерін даярлайтын курсқа түсіп, оны ойдағыдай аяқтайды. Өзі тұрған Киев атындағы ұжымшарға мал дәрігері болып орналасады. 1941-45 жылы 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Әскерден оралғасын бұрынғы жұмысын жалғастырады. А. Жұбанов, Б. Ерзакович, Т. Мерғалиев секілді музыка зерттеушілері Саршаның, Байсеркенің, Бердібектің, Сатқынбайдың күйлерін Қожабек Жапашұлымен Қырықбайдың орындауында жазып алған. Қырықбайдың өзі де бірнеше күйлер шығарған. Олардың ішінде "Ойжайлау" күйін ерекше атауға болады.Тараз. Жамбыл облысы. энциклопедия. "Қазақ энциклопедиясының" Бас редакциясы Алматы, 2003, 389-бет
Дереккөздер
Санат:1893 жылы туғандар Санат:Қордай ауданында туғандар Санат:1979 жылы қайтыс болғандар Санат:Қордай ауданында қайтыс болғандар Санат:Күйшілер Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары