Батырев Яков Иванович (21 наурыз 1910 жылы, Жамбыл ауданы Новомихайлов селосы – 1989 жылы Тольятти) – еңбек және соғыс ардагері, 3 дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері.
Өмірбаяны 1927-1933 жылдары Новомихайлов селосындағы «Зорька» коммунасында, Буденный атындағы ұжымшарда, 1933-1939 жылдары Преснов МТС-нда жұмыс істеді. 1941 жылдан 314 атқыштар дивизиясының құрамында Ленинград қоршауын бұзуға қатысты. 1944 жылы мамырда 46 атқыштар дивизиясының жекелеген 40 мина тазалаушылар батальоны командирінің орынбасары болды. 1945 жылы қазанда туған ауылы Пресновқа келіп, тракторшы, комбайншы және бригадир болып еңбек еткен.Айбын Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - АлматыТарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б., Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009
Дереккөздер
Санат:21 наурызда туғандар Санат:1910 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Солтүстік Қазақстан облысы) туғандар Санат:2 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1989 жылы қайтыс болғандар Санат:Тольяттиде қайтыс болғандар Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Даңқ орденінің толық иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысы сапёрлері Санат:Баныка зиратында жерленгендер