Қарашоқы – Қараүңгір тауларының солтүстік-батысындағы тау.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Бидайық ауылының оңтүстік-батысында 55 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 828 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 5 км-ге созылған, енді жері 3 км.

Жер бедері Таудың беткейінде түпкі тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстігінде Ақынбай төбесі, шығысында Егіндібұлақ бұлағы, батысында Ақынбай қонысы бар.

Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында дала мен шөлейт өсімдіктері өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы таулары