Чистовское — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты ауыл, Чистов ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы Булаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей жерде, Медвежье көлінің шығыс жағасындағы орманды дала белдемінде орналасқан.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1109 адам (523 ер адам және 586 әйел адам) болса, 2009 жылы 1109 адамды (515 ер адам және 594 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 1929 жылы сүтті ірі қара мал тұқымын өсіру бағытындағы ұжымшар ұйымдастыруға байланысты қаланған. 1996 жылға дейін кеңшар орталық болып келеді. Мұнда машина-трактор жөндеу шеберханасы, май зауыты, байланыс бөлімшесі, орта мектеп, клуб, кітапхана, отбасылық-дәрігерлік емхана бар. Ауыл арқылы мемлекет маңызы бар Петропавловск - Омбы автомобиль жолы өтедіҚазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007..

Дереккөздер

Санат:Мағжан Жұмабаев ауданы елді мекендері