Райхан Әбікейқызы Сәтбаева (15. 11. 1912 жылы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, 1-ауыл - 1989) - қазақ терапевтісі, медицина ғылымдарының докторы (1961), профессор (1961), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері. Қазақ әйелдері арасынан шаққан тұңғыш терапевт-ғылым докторы.
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.
Орта Азия медициналық институтын бітірді (1935, Ташкент). 1935 жылдан Алматы медициналық институтында госпитальдық терапия кафедрасында клиника ординаторы (1938-38), ассистент (1938-45), доцент (1945-50), ал 1951 жылдан госпидальдық терапия кафедрасының меңгерушісі. Оның 160-тан астам ғылыми еңбектері бар (соның ішінде «Силикоз» монографиясы т.б.). Бұл еңбектерінің көпшілігі жүрек, кан-тамыр ауруларына арналған. С. - Бүкіл одақтық тераевт қоғамының, Бүкіл одақтық кардиологтар және нефрологтар қоғамының басқарма мүшесі, сондай-ақ Республикалық Ғылыми терапевтер қоғамының және Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы терапиялық мәселелер жөніндегі проблемалық комиссияның төрайымы болған.
Ленин орденімен және медальдармен марапатталды. Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Дереккөздер
Санат:1912 жылы туғандар Санат:Павлодар облысында туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Медицина ғылымдарының докторлары