Пери Гилпин (, ) — америкалық актриса. Айырықша өзінің «Фрейзьер» (1993—2004) сериалындағы рөлімен танымал.
Өмірбаяны Пери Гилпин 1961-ші жылдың маусым айының 27-ші жұлдызында АҚШ-тың Уэйко қаласында дүниеге келеді. Остин қаласындағы Техас Университетін бітіреді. Университеттен кейін, радиода жұмыс істейді. Актерлік шығармашылығы 1980-ші жылдарда басталды. Алғаш рөлдерін «Джамп стрит, 21» және «Мэтлок» сериалдарында ойнаған.
1991 жылы өзінің бірінші басты рөлін "Плоть и кровь" сериалында сомдайды. Перидің шығармашылық өміріндегі негізгі берекені әкелген «Фрейзьер» сериалындағы продюсер Роз Дойлв образы. Бұл сериалда 1993-шы жылдан бастап, 2004-ші жылға дейін ойнайды. «Фрейзьер» сериалы бойынша әріптестерімен бірге "Гильдия АҚШ киноактерлерінің премиясы"-на қатарынан 10 жыл номинант болады. Ал 2000-шы жылы бұл премияны женіп алады. 2009-2011-шы жылдар аралығында "Гимнастки" сериалында басты кейіпкер-Пэйсон Киллердің анасының рөлін сомдайды.
Фильмография Flesh 'n' Blood (12 эпизод, 1991), Борьба за справедливость: История Нэнси Конн (телефильм, 1995), Spring Forward (1999), Как убить соседскую собаку? (2000), Смех на 23-ем этаже (телефильм, 2001), Последняя фантазия: Духи внутри (2001), Фрейзьер (263 эпизод, 1993—2004), Любовь к детям (телефильм, 2006), Добиться или сломаться (40 эпизод, 2009—2011)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер