Томас Шон Коннери (; 25 тамыз 1930, Эдинбург — 31 қазан 2020https://www.bbc.com/news/entertainment-arts-54761824https://www.cna.com.tw/news/firstnews/202010315005.aspx, Нассау) — британдық киноактер, продюсер. «Оскар сыйлығы», «BAFTA», «Алтын глобус» жүлдесінің номинанты атанған. 70-тен астам фильмдерде түскен. Соның ішінде, Ян Флемингтің шығармаларында Джеймс Бондтың рөлін ойнаған. «Неприкасаемые» драмасында Джим Мэлоун рөлінің арқасында «Оскар сыйлығы» және «Алтын глобус» сыйлықтарына қол жеткізген. 2003 жылы карьерасын тоқтатып, әйелімен Багам аралдарында тұрған.

Өмірбаяны Томас Шон Коннери 1930 жылы 25 тамызда Шотландияның Эдинбург қаласында дүниеге келген. Оның анасы, Эфимия Маклин, еден жуушы, ал әкесі, Джозеф Коннери, қара жұмысшы болған. Ең бірінші рөлін «Другое время, другое место» фильмінен алды. 1962-1967, 1971, 1981 жылдары Джеймс Бондтың рөлін «Доктор Ноу» (1962), «Из России с любовью» (1963), «Голдфингер» (1964), «Шаровая молния» (1965) және «Живёшь только дважды» (1967) фильмдерінде ойнаған. Шонның ойнауындағы Джеймс Бондтың рөлі ең үздік болып саналады. Кейін актер көптеген фильмдерде түскен.

Жеке өмірі Шон Коннери Дайан Силенто атты аустралиялық актрисамен некеде болған (6 желтоқсан 1962 - 6 қыркүйек 1973). Олардың Джейсон Коннери атты ұлдары бар. Шонның екінші әйелі Мишелин Рокбрюн болған. Олар 1975 жылы 6 мамырда үйленген. Ортақ балалары жоқ.

Сыртқы сілтемелер

Ресми сайты

Дереккөздер

Санат:BAFTA марапаты иегерлері Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері Санат:Үздік қолдаушы актер үшін Оскар сыйлығының иегерлері