Қарақуыс, Қарақұс – Қызылтау тауларының солтүстік-батысындағы оқшауланған тау.
Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы жерінде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 764 м. Тау солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км-ге созылаған, енде жері 8-10 км.
Геологиялық құрылымы Жер қыртысы тас көмір, пермь кезеңдерінің граниттерінен түзілген. Беткейлері мен етегін төрттік кезеңінің делювийлі-пролювийлі шөгінділері жапқан.
Жер бедері Беткейлері жартасты шағын сай, шатқалдармен тілденген. Батыс бөлігінен Еспе, шығыс етегінен Сарыөлең өзендері ағып өтеді. Бірнеше қыстаулар (Сарыөлең, Большевик, т.б.) орналасқан.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында қараған, арша, тобылғы аралас қылқан селеу, бетеге, жусан өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы таулары