Мещера ойпаты — Ресейдің Мәскеу, Владимир және Рязань облыстарындағы ойпаңды жазық.

Клязьма, Мәскеу, Ока, Судогда және Колпь өзендері аралығында орналасқан. Мещёра ойпаты жазық (биіктігі 80-100метр) келеді, өзен және төрттіктегі мұздану суларының әсерінен пайда болған. Мещера ойпаты орталығындағы тектоникалық ойысты шамадан тас ылғалданған батпақты алқап алып жатыр.

Климаты қоңыржай континенттік. Орташа температурасы қаңтарда 10-11°, шілдеде 18°. Жылдық жауын-шашын мөлшері 450-550 мм.

Баяу ағатын Бужа, Цна, Гусь, Пра т.б. өзендері бар. Көлдер (Шатура, Спас-Клепиков), батпақтар кездеседі. Топырағы негізінен күлгінді, батпақты. Жерінің 50 пайызынан астам орман, өзен жиегіндегі құмдарда қарағайлы тоғай өседі. Клязьма және Ока аңғарлары – шабындық шалғын. Етті-сүтті мал, құс, және егін шаруашылықтары дамыған. Шымтезек, кварц құмдары өндіріледі.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев

Галерея +center|330pxcenter|330px center|370px

Дереккөздер

Санат:Ресей ойпаттары