Улисс Симпсон Грант (, Туғандағы есімі Hiram Ulysses Grant, яғни Хайрем Улисс Грант; 27 сәуір 1822, Пойнт-Плезант, Огайо — 23 шілде 1885, Уилтон, Нью-Йорк) — АҚШ-тың әскери және саяси қайраткері. Огайо штатында саудагер отбасында дүниеге келген. Грант 1846-1848 жылы АҚШ-тың Мексикаға қарсы басқыншылық соғысына қатысты. 1861-1865 жылдары Азамат соғысы кезінде солтүстіктегілердің полк командирі, федералдық армияның қол басшысы болып, оңтүстіктегі құл иеленушілерді жеңуде көп еңбек етті. 1869-1977 жылдары АҚШ-тың президенті. Грант ірі буржуазияның саясатын жүргізді. Негрлерге сайлау құқығын беруді жақтады, бірақ құлдарға жер беруді қолдамады.

Дереккөздер

Санат:АҚШ президенттері Санат:АҚШ саясаткерлері