Қоңыржал – Қарқаралы тауларының батысындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының батыс бөлігінде орналасқан. Байқожа мен Ақбастау өзендері аралығында. Биіктігі 946 м. Ұзындығы мен ені 3-5 км.
Геологиялық құрылымы Орта және жоғарғы тас көмір дәуірі гранитоидтарынан түзілген.
Жер бедері Беткейлері көлбеу, сай-жыралармен тілмденген.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында бетеге, селеу, тобылғы өседі. Оңтүстік және шығыс бөліктерінде көптеген бұлақтар бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары