Қызылтас – Шұнақ тауларының оңтүстік-шығысындағы аласа тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты кентінің оңтүстік-батысында 48 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 791 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 8 км-ге созылған, енді жері 6 км.

Жер бедері Беткейі көлбеу, қырқалардан тұрады. Солтүстік-батысында Шауыпкелді, солтүстік-шығысында Айыртау, оңтүстігінде Қарауылшоқы таулары, батысында Қараоба төбесі, шығысында Бұлаққұдық құдығы мен Кеңаңғар қонысы жатыр.

Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, боз, селеу, бетеге аралас бұталы өсімдіктер өседі. Баурайы бұлақтарға бай.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары