Қосбас"Қазақ энциклопедиясы", VI-том () – астық тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзен, көл жағалауында, ылғалды жерлерде қамысты қосбас (D. arundіnacea) өседі. Оның биіктігі 50 – 200 сантиметр, ұзын, тамырсабағы жатаған. Сабағы жалаң, тықыр. Жапырақ қынабы да жалаң, кейде төменгі жағы бұдыр, тілшесінің ұзындығы 6 мм-дей. Жапырақтарының ені 15 мм, ұзынша келеді. Сыпыртқы гүлшоғырының ұзындығы 8 – 20 см, масағында қос жынысты жалғыз гүлі бар. Маусым – тамыз айларында гүлдейді.

Дереккөздер

Санат:Астық тұқымдасы