Виктор Львович Кирпичёв (1845 жыл, Петербург - 1913 жыл, Петербург) — теориялық және іс жүзінде қолданылатын мехника мен материалдар кедергісі саласындағы орыс ғалымы. Михайлов артиллериялық Академиясын бітіріп (1868), сонда оқытушылық қызмет атқарды. 1870 ж. Петербург технологиялық иснтитутында (1876 жылдан проф.) материалдар кедергісі, рафикалық статика, машина детальдары жөнінде лекция оқыды. 1885 ж. Харьков технологиялық институтының директоры болды, 1898 ж.Киевтің политехникалық институтының профессоры. «Материалдар кедергісі»(1884), «Графикалық статика негіздері»(1902) , «Механика туралы 24г3мелер» (1907) т.б. еңбектері жарық көрген.
Қолданылған әдебиет Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 450 бет
Санат:Механиктер Санат:Ресей империясы механиктері