Қу, Балқантау — Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі ұсақ шоқылы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1359 м. Сыртын солтүстік-шығысқа беріп доғаша иіліп жатады. Ұзындығы 15 – 20 км, ені 10 – 12 км.

Геологиялық құрылымы Силур мен девонның эффузиялық шөгінділерінен, гранитті, диоритті жыныстардан түзілген.

Жер бедері мен өсімдігі Беткейлері өзен аңғарларымен қатты тілімделген. Топырағы қоңыр, бозғылт қоңыр. Беткейлерінде селдір қарағайлы орман өскен. Тауаралық аңғары мен жыраларында тал, қарағай, түрлі бұталар өседі. Етектерінде бұлақ көздері бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары