Қоянды – Тарбағатай жотасының солтүстігіндегі тау.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылының оңтүстік-батысында 45 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1676 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 4 км-ге созылған, енді жері 2 км.
Жер бедері Беткейі тіктеу келген, баурайы сай-жыралармен тілімделген. Батысынан Сарыбұлақ өзенінің салалары бастау алады.
Өсімдігі Тау баурайындағы қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында көк терек, бұта аралас дала өсімдіктері өседі. Мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Тарбағатай ауданы таулары