Әлжан ана — Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауыл, Қасық ауылдық округі орталығы. 2017 жылы ауылдың Қасық атауы Әлжан ана болып өзгертілді.Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық ауылдық округінің Қасық ауылын Әлжан ана ауылы деп қайта атау туралы

Географиялық орны Аудан орталығы – Қордай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде, боз жусан, баялыш, күйреуік, т.б. эфемерлі өсімдіктер өскен сұр, бозғылт сұр топырақты тау алдының төбелі-жонды келген қоңыржай қуаң агроклиматты белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен29683378 4720 139,7 1603 2307 143,9 1775 2413 135,9

Тарихы 1965-1997 жылдары өндірістік кооператив және 20-дан астам шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Орта және орталау мектеп, клуб, кітапхана, отбасылық дәрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар.

Дереккөздер

Санат:Қордай ауданы елді мекендері