Oasis () — британдық рок тобы. 90-жылдардың Британиялық ең беделді және коммерциалық табысты топтарының бірі. Топ Blur, Suede және Pulp-пен бірге Бритпоп-тың "үлкен төрттігіне" кіреді. Топты 1991 жылы Манчестерде ағайынды Ноэл және Лиам Галахерлар құрды. Ноэл - гитарист, вокалист, әндердің авторы, продюсер және группаның идеологы. Оның інісі Лиам - топтың басты вокалисті және кейбір әндердің авторы. Группаға айырықша үлкен шығармашылық шабыт берген The Beatles топтарының әндері. 1994 жылы Definitely Maybe дебют альбомы брит - поптың классикалық жанры болды.(What's the Story) Morning Glory? альбомы шыққаннан кейін топ халықаралық атаққа ие болды.
2024 жылдың 27 тамызында топ әлеуметтік желілерде қайта қосылу туралы хабарларды растады және 2025 жылдың жазына арналған Ұлыбритания мен Ирландия концерттер сериясын жариялады.
Дискография 1994 — Definitely Maybe 1995 — (What's the Story) Morning Glory? 1997 — Be Here Now 2000 — Standing on the Shoulder of Giants 2002 — Heathen Chemistry 2005 — Don't Believe the Truth 2008 — Dig Out Your Soul
Дереккөздер
Санат:Ұлыбритания рок топтары Санат:Бритпоп топтары Санат:Epic Records орындаушылары Санат:Creation Records орындаушылары Санат:1991 жылы құрылған музыкалық ұжымдар