Фрей Монтальва (16 қаңтар, 1911 - 22 қаңтар, 1982)- Чилидің мемлекеттік және саяси қайраткері. 1949-3 жылдары сенатор болды. 1957 жылы Ұлттық фаланга партиясы мен Социал-христиан партиясы Христиандық-демократиялық партия болып біріктірілгеннен кейін, Фрей Монтальва оның басшысы болды. 1964-70 жылдары Фрей Монтальва елдің президенті болып саналды. Фрей Монтальваның үкіметі 1964 жылы қарашада КСРО-мен дипломатикалық қатынасты қалпына келтірді. Халық бірлігі солшыл күштері президент сайлауында жеңгеннен кейін , Фрей Монтальва Х.Д.П.-нің оң қанатын басқарып, С.Альенденің үкіметіне қарсы шықты.ҚСЭ энциклопедиясы, 1977
Дереккөздер
Санат:Чили саясаткерлері Санат:1911 жылы туғандар Санат:1982 жылы қайтыс болғандар