Есбол (2007 ж. дейін КулагиноИндер ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы) — Атырау облысы Индер ауданындағы ауыл, Есбол ауылдық округі орталығы. Жайықтың оң жақ бетіндегі тарихи елді мекендердің бірі.

Географиялық орны Аудан орталығы – Индербор кентінен оңтүстік-батысқа қарай 22 км-дей жерде. Ірі елді мекендер арасы асфальт жолдармен жалғасқан.

Тарихы thumb|солға|200px|Есбол ауылы «Ақжар» деп аталатын биік жар қабағынан салынған әскери бекіністі 1740 жылы Орынбор губернаторы И.И. Неплюевтің бұйрығымен кеңейтіп қайта салу ісі қолға алынады. Бекініс 1744 жылы Жайық өзенінің оң жағалауынан салынады. Осы қамалдағы ішкі шаруашылықты басқаратын А.И. Кулагин деген кісінің есімі бірте-бірте ауылдың атына айналып, қазақтың Ақжар атауы ұмыт қаладыАтырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1. 1933-1963 жылдары Есбол ауданының орталығы болды. Кейін «Правда» кеңшарының орталығы болған.

Халқы 1989 жылы елді мекенде 3798 адам тұрған.1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том 1999 жылы тұрғындар саны 4189 адам (2108 ер адам және 2081 әйел адам) болса, 2009 жылы 4307 адамды (2174 ер адам және 2133 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ бойынша 3953 адамды (2056 ер адам және 1897 әйел адам) құраса2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары, 2022 жылы тұрғындар саны 4524 адам болды.Есбол ауылдық округі туралы ақпарат

Мәдени-әлеуметтік мекемелері Мектептер Есбол орта мектебі — 26 сәуір 1993 жылы Кулагино ұлттық гимназиясы болып құрылған. Кейін жай орта мектепке айналдырылған.https://esbol.inderoo.kz/kz/mektep-turaly/tarikhy.html Есбол орта мектебінің тарихы

Қалам Есқалиев атындағы орта мектеп — Мектептің іргетасы 1936 жылы қаланған. 2016 жылы «Қалам Есқалиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атауы берілді.https://eckaliev.inderoo.kz/kz/mektep-turaly/tarikhy.html Мектеп тарихы

Жамбыл атындағы орта мектеп — 1928-29 ж. алғаш қазақ балалары үшін ашылған мектеп. 1937 ж. орта мектепке айналды.

Мектепке дейінгі білім "Қарлығаш" бөбекжай-бақшасы "Балапан" бөбекжай-бақшасы

Кәсіпорындар Мұнда орман шаруашылығы, агроөнеркәсіптік техникалық жабдықтау бөлімі, байланыс бөлімі, тұтынушылар қоғамы сияқты мекемелер мен кәсіпорындар бар.Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1

Діни ұйымдар қызметі Есбол ауылдық мешіті

Елді мекендегі көшелер Абай Құнанбаев көшесі Абдолла Мұсағалиев көшесі Ақжар (Маринка) көшесі Бейбітшілік (Меңдібай) көшесі Боран Нысанбаев көшесі Ғилымғали Сайханов көшесі Дина Нұрпейісова көшесі Достық көшесі (Тайманов тұйық көшесі) Елеусін Ахметов көшесі Жамбыл Жабаев көшесі Исатай Тайманов көшесі Кетебай Бахитов көшесі Қабдір Шүйінішқалиев көшесі Қаныкей Алипова көшесі Қапизолла Қуанышбаев көшесі Қуанышкерей Сұлтанов көшесі Құрманғазы Сағырбаев көшесі Құспан Есбосынов көшесі Махамбет Өтемісұлы көшесі Мұрат Мөңкеұлы көшесі Мұхтар Әуезов көшесі Нәсіпқали Сапаров көшесі Сәкен Сейфуллин көшесі Сырым Датов көшесі Штатбай Иманғазиев көшесі нобай|орта|1200px|'''Есбол ауылы панорамасы

Дереккөздер

Санат:Индер ауданы елді мекендері Санат:Жайық казак әскерінің тарихи елді мекендері