Тәтті — Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Тәтті ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Меркіден солтүстік-шығысқа қарай 39 км-дей жерде, Қызтоғансай өзенінің Қорағатыға құйылар сағасында боз жусан, эфемерлі сұр жусан аралас баялыш, күйреуік, ажырық, ши т.б. шөптесін өскен шалғынды сұр топырақты аллювийлі-пролювийлі қуаң далада орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1430 918 64,2 719 492 68,4 711 426 59,9

Тарихы Ауыл 1962-1997 жылдары өзімен аттас қой өсіретін кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде Тәттіде 1997 жылдан өндірістік кооператив ұйымдастырылды.

Инфрақұрылымы Орта, бастауыш мектептер, мәдениет үйі, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, байланыс бөлемшесі, т.б. мекемелер бар. Тәтті арқылы Түрксіб темір жолы және Тараз – Алматы автомагистралі өтеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Ауыл Луговой-Шу темір жолы және Меркі-Шу тас жолы бойында орналасқан. Ауыл арқылы Орта құм және Сарғобы мал жайылымына өтетін тас жол бар. Ауылды тоғыз жолдың торабына орналасқан деуге болады.

Ауыл атауы 1930 жылдары осы "Тәтті" колхозы орналасқан тұстан Луговой-Шу темір жолы салынып, пайдалануға берілді. Осы темір жолды салған жылдары скважина арқылы ауыз су шығарылған. Бұрын қолмен қазылған құдықтардағы суды пайдаланып келген жергілікті халық скважина суын тәтті екен деп атап кеткен. Осы сөзден "Тәтті" ауылының атауы пайда болған.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Меркі ауданы елді мекендері