Қараңғылық, Қарағандық – Обаған алабындағы өзен.
Географиялық орны Қостанай облысы Меңдіқара ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 68 км, су жиналатын алабы 850 км2.
Бастауы Бастауын Архиповка ауылының тұсындағы шағын көлден алып, Мокрое ауылынан төменде Алакөл көліне құяды.
Гидрологиясы Жоғарғы ағысы төбелермен, қалған бөлігі сайлы-жыралы жерлермен ағады. Сәуір-мамыр айларында тасиды. Суымен шабындық суландырылып, егістік суғарылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Меңдіқара ауданы өзендері Санат:Обаған су алабы