Хориятики-жеңіл және төмен калориялы,дәрумендер мен микроэлементтерге бай Грек асханасының басты тағамы. Өнімнің сипаттамасы
3 қатты қызанақ
180 г фета сыры
1 қияр
1 пияз
2 жасыл болгар бұрышы
200 г қара зәйтүн
125 мл зәйтүн майы
60 мл шарап сірке суы
бұрыш, тұз, ореган
Құрамдас бөліктері Қызанақты, қиярды, болгар бұрышын және пиязды тілімдермен кесу керек. Тостағанға салып, дәмдеуіштер сеуіп, зәйтүн қосып, мұқият араластыру керек. Төртбұрыштап кесілген фета сырын қосу керек. Осының барлығының үстіне зәйтүн майын және шарап сірке суын құю керек. Салаттың барлық құраушыларын езбеу үшін, мұқият араластыру керек.
Беру тәсілі Грекше салатты суытылған түрде беру керек. Жеке жеуге немесе барлық тамақтарға қоспа ретінде жеуге болады.
Дереккөздер http://www.bonduelle.kz/horijatiki