Корольков құртқашашы () – құртқашаштар тұқымдасының құртқашаш туысына жататын өсімдік, Құрғақ ірі қиыршық тасты жердерде, тек Батыс Тянь-Шаньның орта тау беткейлерінде өседі, алдыңғы түрден екі гүлді гүлсидамымен, гүлдерінің түсінің ашық қоңырлығымен ерекшеленеді. Жапырақтары торлы жүйелі, ортасы күңгірт. Мамыр-маусымда гүлдейді, маусым-шілдеде піседі. Тұқымын құмырсқалар таратады. әсемдік өсімдігі, Қазақстанның ботаника бақтарында өсіріледі. Жазы құрғақ және ыстық болатны аудандарды көгалдандыруға ұсынылған. Иващенко А.А., "Қазақстанның өсімдіктер әлемі. Суретті энциклопедия". Алматыкiтап баспасы 2008

Дереккөздер

Санат:Құртқашаштар