Прасолов Леонид Иванович (13. 4. 1875, Енисейск қ., қазіргі Краснояр өлкесі,— 13. 1. 1954, Мәскеу) — кеңестік топырақ зерттеуші ғалым әрі географ. КСРО ғылым академиясының академигі (1935; корр. мүшесі 1931). Леонид 1898 ж. Петербург университетін бітірді. 1898—1906 ж. Самар губ-нда топырақ тану бөлімшесін басқарды. 1908—14 ж. Орта Азия, Байкал сырты, Семей облысы және Енисей губ-нда топырақ зерттеуші экспедицияны, 1915—1918 ж. Дон топырақ зерттеу экспедициясын басқарды. 1918— 25 ж. КСРО ҒА жанындағы табиғи өндіргіш күштерді зерттеу жөніндегі комиссияның топырақ тану бөлімшесінің ғылыми қызметкері. 1926 жылдан КСРО ғылым академиясының Топырақ зерттеу институтында қызметкер (директор 1937—48). Леонид География, картография және топырақты классификациялау бағытында ғылыми жұмыстар жүргізді. Дүние жүзілік топырақ картасын жасағаны үшін оған В. В. Докулаев атындағы алтын медаль берілді (1947). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1942). 3 рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том

Дереккөздер

Санат:1875 жылы туғандар Санат:1954 жылы қайтыс болғандар Санат:Ресей географтары Санат:КСРО ғалымдары Санат:Академиктер Санат:Топырақтанушылар Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері