Жамантау – Ақсеңгір тауының оңтүстігіндегі тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Баймырза ауылының оңтүстік-шығысында 20 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 392 м. Солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай 11 км-ге созылып жатыр, енді жері 8 км.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 392 м. Солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай 11 км-ге созылып жатыр, енді жері 8 км. Солтүстігінен Сарысу өзені ағып өтеді.

Геологиялық құрылымы Тас көмір жүйесінің төменгі тау жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, сұлыбас, бұталар өседі. Жазғы жайылым және қыстау ретінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы таулары