Қиғаш – Еділ атырауындағы өзен.

Географиялық орны Еділдің бір тармағы Ахтуба өзенінен бөлініп шығып, Қазақстан жерінде Атырау облысы Құрманғазы ауданының батыс бөлігімен ағады. Шортанбай ауылы тұсында бірнеше тармақтарға бөлінеді. Ірісі - Шарон тармағы.

Гидрологиясы Ұзындығы 100 км. Арнасында жыл бойы су болады және оның деңгейі Еділ өзенімен тығыз байланысты. Жағалауында шілік талы, қамыс, құрақ өскен. Маңында Д.Нұрпейісова, Жыланды, Шортанбай, Жаңаауыл, Бөкейхан, т.б. елді мекендер орналасқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Еділ су алабы өңірі өзендері Санат:Құрманғазы ауданы өзендері Санат:Ресей өзендері