Қойбағар – Обаған алабындағы өзен.

Географиялық орны мен сипаты Қостанай облысы Қарасу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 32 км.

Бастауы Бастауын Астана-Қостанай темір жол бойындағы Дружба ауылынан төменгі бұлақтардан алып, Симферополь Қарасу өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы Арнасының жоғарғы ағысы жазық жермен, Степное ауылынан төменде сайлы-жыралы өңірмен ағады. Бұл бөлігіндегі жағалауы жарлауытты келген. Сағасында (Симферополь ауылы маңында) шағын жайылма түзейді. Арнасында жыл бойы су болады. Негізінен жер асты суымен (грунт суымен) толығады. Алабының 30%-дан астамы егістікке жыртылған. Қалған бөлігі мал жайылымына және шабындыққа пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қарасу ауданы өзендері Санат:Обаған су алабы