Гней Помпей Магнус немесе Гней Помпей Ұлы (б. з. б. 29. 9. 106 — 29. 9. 48) — рим қолбасшысы және саяси қайраткері. 83 ж. Корнели Сулла тобына қосылды. Оның тапсыруымен Сицилия мен Африкадағы қарсыластарын талқандады. 78— 77 ж. Лепид бүлігін басуға, 77—72 ж. Серториға (Испанияда) қарсы соғысқа, 71 ж. Спартак көтерілісін жаныштауға қатысты. 66 жылдан Митридат VI Евпаторға қарсы соғыста рим әскерлерін басқарды, мұнда римдіктер жеңіске жетіп, жаңадан Вифиния, Понт, Сирия провлары құрылды. 55 ж. консул (Лициний Краспен, бірге), кейіннен Испанияны билеуші. 48 ж. Фарсал маңында Помпей әскері Цезарь әскерінен жеңілді.(Vell. Pat. II, 53) Веллей Патеркул. Римская история, II, 53. Египетке қашып барған жерінде өлтірілді.Ward A. N. The Early Relations between Cicero and Pompey until 80 B. C. // Phoenix. — 1970. — Vol. 24, No. 2. — P. 120(Plin. N. H. XXXVII, 6 (13)) Плиний Старший. Естественная история, XXVII, 6 (13).
Өмірбаяны
Дереккөздер
Санат:Қолбасшылар