Франсиско Рикардо Пинтос Перейра (, 3 сәуір 1880 — 1968) — уругвай жұмысшы қозғалысының қайраткері, тарихшы, публицист.
20 ғасырдың басынан жұмысшы қозғалысына қатысты. «Сосиалиста» («Еl sociaista») газетінің редакторы болып, «Хустисия» («Justicia») атты жұмысшы газетінің негізін салды. Басқа да газеттердің жұмысына белсене қатысты. Уругвай коммунистік партиясының (Уругвай КП) негізін қалаушылардың бірі (1920). 1922 ж. Коминтерннің 4-конгресінің жұмысына қатысты. 1962—68 ж. Уругвай КП ОК мүшелігіне қандидат. 2 рет парламент мүшесі болып сайланды.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Toward the United Front. John Riddell, 2011. P.1243. Пинтос Перейра
Санат:1880 жылы туғандар Санат:1968 жылы қайтыс болғандар Санат:Уругвай тарихшылары Санат:Уругвай саясаткерлері Санат:Коммунистер Санат:Уругвай депутаттары